ҚР ИИДМ вице-министрі Руслан Баймишев қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 21:52 Руслан Баймишев/gov.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. 

2008-2016 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 

2016-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының м.а., директоры.

2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: