Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру ықшам Үкіметті қалыптастыруға мүмкіндік береді

Үкімет отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 11:41 Сурет: Әлібек Қуантыров/gov.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында Президент тапсырмаларын орындау аясында жұмыс жүргізетін 3 негізгі бағытты атады. Олар: Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту және мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолдауда атап өтілгендей, бүгінде коммуналдық желілердің тозуы 57% қамтиды. Осыған байланысты, біріншіден, табиғи монополиялар саласында «нақты» реформалар талап етіледі. Табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы – «Тарифті инвестицияларға айырбастау» ұсынылады. Екіншіден, квазимемлекеттік секторда басқару тиімділігін арттыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» міндеттері, стратегиясы, портфелі мен иелену құрылымы қайта қаралады. Бұл жұмыс квазимемлекеттік сектордың аражігін ажырату және функциялардың бөлінуі ескеріле отырып жүргізіледі. ҚР Ұлттық экономика министрі

Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының активтерін, оның ішінде «Халықтық IPO» тетігі арқылы жекешелендіру жалғасатын болады.

Үшіншіден, жаңа әкімшілік реформа шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі орталықсыздандыру қағидаттары мен шектерін айқындау арқылы мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізетін болады. Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, оның ішінде бақылау және үйлестіру рөлін күшейту, сондай-ақ Үкімет шешімдерін дайындаудың сапасы мен жеделдігін арттыру жолымен Үкіметтің ықшам аппаратын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: