Қостанай облысындағы ірі өрт тоқтатылды
Сурет: Экология министрлігі
Басаман және Семиозер ОШММ аумақтарында шыққан өрттің жалпы ауданы шамамен 43 мың гектар болды, деп хабарлайды Zakon.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Орман өрті толықтай сөндірілгеннен кейін оның нақты аумағы мен табиғатқа келтірілген залалы анықталады, - делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, ірі өрт басталғаннан бері Қостанай облысының 4 кентінен - Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналыдан барлығы 2091 адам эвакуацияланды.
Жедел штабтың мәліметінше, 90-ға жуық тұрғын үй өртке оранған.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript