Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ұшақтардың құстармен соқтығысуының 46 жағдайы тіркелген

Шұғыл кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 19:04 Сурет: Air Astana-ның баспасөз қызметі
Ұшу кезінде әуе кемелері мен құстардың қақтығысу жайттарының алдын алу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның авиация әкімшілігінің ақпаратына сүйенер болсақ, биыл еліміздің бірқатар әуежайының жауапкершілік аймағында ұшақтардың құстармен соқтығысуының 46 жағдайы тіркелді. Оқыс оқиғалар, әсіресе Алматы әуежайында жиі байқалып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, құстармен соқтығысу маусымдық сипатқа ие. Қақтығыстардың басым бөлігі құстардың көктем және күздегі көші-қон кезінде және жылдың жылы маусымдарында көптеп орын алады. Жыл сайын осы тақілеттес оқиғалар шілде немесе тамыз айларында жиі болады.

Мамандардың пайымдауынша, құстардың соқтығысуын толығымен жою мүмкін емес. Алайда бұл қауіпті едәуір азайтуға мүмкіндік бар. Қазақстанның азаматтық әкімшілігі сертификаттық және инспекциялық тексерулер жүргізу барысында әуежайларды пайдаланушылардың ұлттық заңнама талаптарын сақтауын тексереді. Оның ішінде әуежайдағы ұшу-қону жолағы ауданында патрульдеуді қамтамасыз етуді, пиротехникалық құралдарды, газ зеңбіректерін, биоакустикалық құрылғыларды, лазерлерді және өзге де құралдарды қолдана отырып құстарды үркітуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ құстардың ұшуы туралы ақпаратты диспетчерлер хабардар етуі тиіс. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдері жиында көтерілген мәселелерді оңтайлы әрі жедел шешуге ықпал ететіндігін жеткізіп, бұл орайда әуежай әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеуге даяр екендіктерін білдірді.

Бұл тұрғыда тиісті іс-шаралар қолға алынып, сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте әуежай аймағындағы заңсыз нысандарды жоюға бюджеттен тиісті қаржының бөлінбеуі қол байлау болып отыр, – дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілі.

Жиын қорытындысы бойынша құстардың көптеп шоғырлануына әсер ететін заңсыз нысандарды жоюды жеделдетіп, осы мақсаттағы қаржыландыру көлемін арттыру ұсынылды.

Бұл мәселе бүгінде ведомствоның ерекше бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: