Әлихан Смайылов Қарағанды облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

ҚР премьер-министрі, Қарағанды облысы, жол апаты, дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 10:12 Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтып, басқа зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуге тілектестік білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
​​Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар "Қазақмыс" компаниясының қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Осыған орай үкімет басшысы премьер-министр кеңсесіне үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: