Алматы мен Жетісу облыстарының шекараларын белгілеу туралы қаулыға қол қойылды

Алматы, Жетісу облыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 19:47 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы ҚР Үкімет басшысының қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 735 қаулысындағы қосымшаға сәйкес, Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертіледі.

Қаулыдағы 2-қосымшаға сәйкес, Жетісу облысының шекарасы белгіленетін болады.

Сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктеріне осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау бұйырылған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: