Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның жиыны өтті

ҚР үкіметі, Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия, , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 10:13 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ және "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

9 ақпанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ға қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.

Қыркүйектің 23-і күні Агенттік кейбір қызметтердің қымбаттауына байланысты "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: