Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды

халыққа қызмет көрсету орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 12:57 Сурет: Zakon.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстанда қанша ресейлік ЖСН алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік шетелдіктер ЖСН-ін алды, - деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.

Министр ЖСН банк картасын алу үшін ғана емес, заң бұзушылықтарды жою, тіркеу үшін де талап етілетінін түсіндірді.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері Қазақстанға 200 мыңнан астам Ресей азаматы кірсе, 147 мыңы кеткенін, қазір бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты екенін айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: