Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ дағдарысқа ұшырамағанын айтты

ҰҚШҰ, Қазақстан, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 12:58 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ақорда кулуарында ол журналистердің "Кейбір көрші елдер оқу-жаттығуларға неліктен қатыспады және бұл ұйымда алауыздық бар дегенді білдіре ме?" деген сұрағына жауап берді.

Ешқандай дағдарыс жоқ (ҰҚШҰ-да. – ред.). Мемлекетіміздің қатысуына келер болсақ, бәрі тұрақты. Қазақстан міндеттерін, біз алдын ала бекіткен жұмыс жоспарларын орындайды. Сондықтан қандай да бір дүрбелең немесе кейбір мәселелер туралы айтудың мәні жоқ. Руслан Жақсылықов

Қорғаныс министрі Қазақстанның көршілерімен тату-тәтті болуына халық даналығы мен ел басшылығының ықпал еткенін атап өтті.

Сондай-ақ журналистер Руслан Жақсылықовқа "Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде Ресеймен қандай да бір келісімдерге қол қою жоспарланған ба?" деген сауал қойды.

Әскери ынтымақтастыққа келетін болсақ, біз барлық мәселені пысықтап қойдық, – деді Қазақстанның Қорғаныс министрі.

Айта кетейік, биыл Армения Қазақстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты. Шешім Армения-Әзербайжан шекарасындағы жағдайға байланысты болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: