Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз еліне асыл тұқымды мал өткізуді жоспарлап отыр

Ынтымақтастық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2022 12:56 Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Қазақстан Қырғызстанмен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібековтің елімізге сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, екі мемлекеттің мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, АӨК өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, сондай-ақ генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытуда үлкен перспективалары бар.

Біз Қырғызстанның тұқым нарығының қатысушыларына жаңа жоғары өнімді сұрыптардың тұқымдарын және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын өндіру және сату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, ветеринария және фитосанитария, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу саласында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту ниетіміз бар. ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Сонымен қатар, тараптар агроөнімнің өзара сауда көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеулерді алып тастағаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малды, сондай-ақ асыл тұқымды материалды Қырғызстанға жеткізу мүмкіндігін пысықтауға дайын.     

Айта кетелік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 9%-ға өсіп, 159,9 млн. теңгені құрады. Қазақстан негізінен жұмыртқа, сүт өнімдері, ұн, макарон өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдер экспорттайды. Ал Қырғызстаннан сүт өнімдері мен алкогольсіз сусындарды импорттайды.

Елімізге сапары аясында министр Асқарбек Жәнібеков  Алматыдағы бірнеше шаруа қожалықтарына барып, өндірістік процестермен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: