ҚР Премьер-министрінің орынбасары мен ТЖМ басшысы Екібастұзға келіп жетті
Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 қарашаға қараған түні Екібастұз тұрғындары жылу желілеріндегі апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды. 27 қарашада таңертең облыс әкімі Екібастұзға келіп, арнайы штаб құрды.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript