Смайылов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келіп жетті

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 21:30 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар Премьер-министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз тұрғындары апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуы жоғары деңгейде, 70%-дан асатынын хабарлады. Жылу желілеріндегі ақауларды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: