Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов Павлодар облысының жаңа әкіміне жүктелген басты міндеттердің бірін атады

Павлодар облысы, ҚР премьер-министрі Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Павлодар облысына барып, мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Асайын Байханов пен Серік Батырғожиновтың кандидатурасын қарауға енгізу туралы хатын оқыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық сайтының жазуынша, ашық дауыс беру кезінде 177 депутаттың 135-і А. Байхановқа, 42 депутат С. Батырғожиновқа дауыс берді.

Павлодар облысы, әкім

Сурет: primeminister.kz

Осыдан кейін облыс активімен өткен кездесуде Премьер-министр әкімдік басшылығының алдында тұрған басым міндеттерінің бірі инфрақұрылымды жаңғырту екенін атап өтті.

"Қазір жылыту маусымы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, Екібастұз қаласының жылу желілерінде апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Жан аямай жұмыс істеген мамандардың арқасында жылу беру қалпына келтірілді. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр, нәтижесі шыққан соң кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Әкімдік бұл мәселені ерекше назарға алып, жылыту маусымының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуі керек", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, өңір басшылығының алдында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша және "Жайлы мектеп" ұлттық жобаларын, сондай-ақ тау-кен өндіру секторын, металлургияны, химия өнеркәсібін, құрылыс индустриясын және басқа да негізгі салаларды дамыту жөніндегі шараларды сапалы іске асыру міндеттері тұр.

Бұдан басқа, ірі өндіріс ошақтарының жұмысына байланысты өңірдегі экологиялық ахуал күрделі. Республика бойынша шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ы Павлодар облысына тиесілі.

Осыған байланысты облыс басшылығы зиянды өндірістік шығарындылардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі жұмысқа назар аударуы қажет.

"Сонымен қатар кәсіпорындар өндірістік процесті жаңғыртуға, инвестицияларды ұлғайтуға, жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көңіл бөлуге тиіс", — деді Әлихан Смайылов.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: