"АрселорМиттал Теміртау" Қазақстандағы жұмысын тоқтатуы мүмкін

"АрселорМиттал Теміртау", сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 13:54 Сурет: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше комиссия құрылып, оларда түрлі министрліктерден 70-тен астам маман жұмыс істеп жатқанын айтты.

"АрселорМиттал Теміртау" басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр, оны жақын арада біле аласыздар. Тіпті "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ көтеріліп жатыр". ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 

Желтоқсанның 8-і күні "АрселорМиттал Теміртауда" тағы бір жұмысшы қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: