Жаңалықтар тізбегі
0

Мусин: 2027 жылға қарай Астана мен Алматы қалаларын 5G-мен қамтуды 75% қамтамасыз ету жоспарланды

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, интернет, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 20:45 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның барлық елді мекені қашан интернетпен қамтамасыз етілетінін және бұл үшін қанша қаражат қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бағдат Мусиннің айтуынша, 5G бойынша аукцион жыл соңына дейін өтеді.

"Пилотты түрде пайдаланып көрдік, барлық операторлар дайын. Біз былай дедік: келесі жылы олар құра бастаса, бізде базалық талап бар, яғни Астана, Алматы және тағы басқа қалаларда 100, 200, 300 базалық станциялар орнату. Олар орнатып, бірте-бірте қамту аймағын кеңейтіп отырады. 2027 жылға қарай ірі қалаларды, облыс орталықтарын және Астана, Алматы қалаларын 5G желісімен қамту аймағы 75% болады деп жоспарлап отырмыз". Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Сондай-ақ ол 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерді 100 пайыз интернетпен қамту жоспарланып отырғанын айтты.

"Жолдар бойынша. Ол да 2027 жылға дейін. Ұлттық жобаны бекіткен кезде сол жерде пайыз бойынша қалай өсетініміз жазылады: 30%, 40%, 50% жыл бойынша жазылған, 2027 жылға дейін 100% өсіруді жоспарлап отырмыз. Менің есептеуім бойынша, барлық елді мекенді және көлік жолдарын жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге 500 миллиард теңге қажет болады. Ал бюджеттен тыс қорлардан 1 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсалуы мүмкін.Бағдат Мусин





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: