Бағдат Мусин: интернетті үнемдеу керек
Сурет: primeminister.kz
Мердігерлерге ірі ғимараттарда базалық станциялар орнатуды міндеттеу қажет. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Ведмство басшысы, мұны заңнамалық деңгейде бекіту жоспарда бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазақстандықтарға сауда және бизнес орталықтары мен қонақүйлерде, сондай-ақ басқа да ірі нысандарда ғаламтор мен байланысқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Министр, құрылысшылар арнайы құрылғыны орнатпай, қаржы үнемдеуді жөн көретінін айтады. Салдарынан, кей жерлерде байланыс нашар, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Ал ол үшін операторлар жауапты болмауы керек. Сонымен қатар, министр қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды.
"Астана мен Алматы қалаларының басты проблемалары ол радиофобия. Қазір 67 локация белгіленді. 15-і орнатылды. Қалғандарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен 25 локацияда халықпен келіссөз жүргізе алмаймыз. Халық келіспей жатыр. Біз әкімдіктен жер сұрадық. Қазір берді." Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript