Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60%-дан асып кеткен

ҚР премьер-министрі, кәріз жүйесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 12:09 Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов кәріз-тазарту құрылыстарын салу мен жаңғырту жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды, сондай-ақ бір ай ішінде әр жобаны іске асырудың кестесін бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің кәріз суларын тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды сынға алғанын еске салды.

"Бүгінде еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60%-дан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90%-дан асады. Олардың қатарында Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық және басқа да қалаларды атауға болады". ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Үкімет басшысының айтуныша, ірі қалаларда кәріз жүйелері өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған, әбден ескіріп біткен. Сондай-ақ сарқынды сулардың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді, оларды тазарту қиындап барады.

"Бұл мәселенің маңызы өте зор. Халықтың қалыпты тұрмысына ғана емес, экологияға әсері де аса маңызды. Әрбір жобаны іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет", – деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты премьер-министр бір ай мерзімде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекіту және олардың орындалу барысы туралы үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрудың, кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын уақытылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеу мен бекітудің, сондай-ақ екі ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді және тазарту құрылыстарының қалдықтарын одан әрі өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізудің маңызын атап өтті.

"Дамыған елдерде қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Бізде де оң тәжірибе бар – Шымкентте қалдықтар электр энергиясын өндіру үшін қайта өңделеді. Осындай тәсілдерді кеңінен тарату керек".Әлихан Смайылов



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: