Жаңалықтар тізбегі
0

Әуелі тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен жылу желілері ауыстырылады – Смайылов

Әлихан Смайылов жылу желілері туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 10:55 Сурет: primeminister.kz
Әлихан Смайылов үкімет отырысында энергетикалық объектілер мен жылу желілерінің техникалық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің сөзінше, қыркүйекте осы мәселеге қатысты арнайы үкімет отырысы өткенде әкімдіктер жылу беру маусымына сақадай саймыз, дайынбыз деген.

"Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. Екі айда екі бірдей ірі апат болды. Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларының жылу беру жүйесінде де қауіпті жағдайлар болды. Жылу беру жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шараларды қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды". Әлихан Смайылов

Үкімет тексеруді бастады. Смайыловтың айтуынша, өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген.

"Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бізде қыс айлары өте қатал, яғни апаттар бұған дейін де болып тұрды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді", - деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың І тоқсанында аяқтауды тапсырды:

  • Бұл салада қалыптасқан нақты жағдайды білу үшін тексеру жұмыстары сапалы әрі ешқандай бұрмалаусыз, шынайы жүруге тиіс.
  • Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады.
  • Бірінші кезекте тозу деңгейі 70%-тен асып кеткен жылу желілері ауыстырылады. Мұндай желілер 1600 км-ден асады.
  • Екінші кезеңде 4 мың километрге жуық желі жаңартылады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: