Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан үкіметі Халықаралық қаржы ұйымынан кәріз құрылысына қарыз алмақ

ҚР үкіметі, ҚР ИИДМ, кәріз жүйесі, ХҚҰ Сурет: pixabay
Желтоқсанның 27-сі күні өткен үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі кәріз-тазарту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір республикадағы 89 қаланың 27-сінде кәріз-тазарту жүйесі қарастырылмаған. 41 қалада оның тозу деңгейі 60%-ға таяу. Жалпы 68 қалада кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту қажет.

"Бұл бағыттағы жұмыс қазір Сарыағаш, Атырау және Форт-Шевченко қалаларында жүзеге асырылып келеді. Келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкентте тағы 3 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Министрлік осы бағытта қаржыландырудың екі тәсілін пысықтады".Қайырбек Өскенбаев

Оның сөзінше, біріншіден, мемлекеттік кепілдікті ұсына отырып, халықаралық қаржы ұйымдарының зайымдарын тарту арқылы. Аталған тәсілді халқы 45 мың асатын 26 ірі қалада жүзеге асыру көзделген.

Екіншіден, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асыру. Осы тәсіл халық саны 45 мыңнан аспайтын 36 шағын қалада жүзеге асатын болады.

Министр зайымдық қаражатты қайтарудың екі көзі бар екенін жеткізді. Атап айтқанда, тариф пен республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу. 

"Алайда республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялардың көлемі негізгі қарыздың жалпы сомасынан аспайтын болады", – деді ҚР ИИДМ басшысы.

Жоғарыда айтылғандай, халық саны 45 мыңнан аспайтын 36 шағын қаладағы кәріз-тазарту жүйесіне байланысты жобалар республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асырылмақ. 

Қалалардағы экологиялық ахуалды ескере отырып, кәріз-тазарту жүйелерін жаңғыртудың іске асыру кезеңдері мен қаржыландыру көздеріне байланысты аталған жобалардың тізбесі қалыптастырылды. Қаржыландыру мәселесі бойынша, әсіресе, Еуропа қайта құру және Даму банкі  мен Азия Даму банкімен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Министрлік КТЖ жобаларын уақытылы іске асыру жөніндегі барлық қажетті шараны қабылдады. Атап айтсақ, кәріз-тазарту жүйелері жобаларын іске асырудың жолдары Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында қарастырылып, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, "Мемлекеттік кепілдікті көздейтін су арналарын салуға халықаралық қаржы ұйымдарының зайымы" тетігі бойынша Жол картасы бекітілді. Сондай-ақ кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту бойынша жобаларды іріктейтін әдістеме айқындалды", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: