Мұрат Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Мұрат Жөребеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 17:03 Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы үкімет мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.



"ҚР премьер-министрінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі. 

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: