Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бензин мен дизель бағасын реттеу мерзімі шектелмейтін болды

ҚР энергетика министрлігі, бензин, дизель отыны, баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 09:45 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі 2023 жылғы 11 қаңтардағы бұйрықтарымен бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін бензин мен дизель отынын жанар-жағармай құю бекеттерінде сату бағасы 180 күнге белгіленіп, қажет болған жағдайда ұзартылатын.

Бағаны мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерінің тізбесі өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін белгіленген бензин мен дизель отынының бағасы да өзгерген жоқ.

Қазіргі баға:

АИ-80 бензині – литрі 89 теңге;

АИ-92 және АИ-93 бензині:

  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литрі 187 теңге;
  • Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 182 теңге;

Тәулігіне 100 литр көлеміндегі дизель отынын қазақстандық жүргізуші куәлігін көрсетіп, 230-260 теңгеге сатып алуға болады.

Жүк көліктері, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бір тәуліктегі лимит өңірге байланысты 300 литр, ал бағасы 230-260 теңге болады. Осы баға бойынша дизель құю үшін Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсету қажет.

Қалған санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген лимиттен көбірек алатын адамдарға дизель отыны литріне 450 теңгеден сатылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: