Шетелдегі қазақстандық дипломаттар өкілдік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі
Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне қолданылады.
Өкілдік керек-жарақ — дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған киімінің заты.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне мынандай өкілдік керек-жарақтар белгіленеді:
- ерлерге: пальто, плащ, күртеше, костюм, фрак, смокинг, белбеу (оның ішінде белдік), кеудеше, пиджак, шалбар, жилет, галстук (оның ішінде галстук-бабочка), жейде, бас киім, қолғап, аяқ киім;
- әйелдерге: пальто, плащ, күртеше, костюм, пиджак, жилет, шалбар, белдемше, көйлек, жейде (оның ішінде әйелдер жейдесі), бас киім, қолғап, аяқ киім.
Құжатта дипломатиялық қызмет қызметкерлері сатып алынатын не жалға алынатын өкілдік керек-жарақ заттарының санын дербес айқындайтыны жазылған.
Өкілдік керек-жарақ заттарын жалға алуына рұқсат етіледі.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақыны төлеу тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай іске асырылады.
Министрлікке не шет елдегі мекемеге жұмысқа жаңадан қабылданған дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап министрлікте және/немесе шет елдердегі мекемелерде бір жыл жұмыс істегеннен кейін төленеді.
Құжат 1 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.