Жаңалықтар тізбегі
0

Нұркен Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Нұркен Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисті болып бастаған.

  • 2000–2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.
  • 2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2011-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
  • 2012-2013 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).
  • 2013-2014 жылдары — "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.
  • 2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеді.
  • 2017-2018 жылдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2018-2020 жылдары — "Тараз" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2020-2022 жылдары — "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры – департамент директоры.
  • 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін АМАНАТ партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз