Елімізде "Қолжетімді Интернет" пилоттық ұлттық жобасы әзірленді
Сурет: unsplash
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) мақсаты халық пен бизнесті Интернет желісіне жоғары жылдамдықты (≥100 Мбит/с) қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.
Жобада бірнеше міндет көзделген:
- Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту
- Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту
- Сапаны бақылау және қауіпсіздік
- Транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік хаб құру
- Мемлекеттік қолдау шаралары
Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан 2023-2027 жылдар кезеңінде 1 114 726 105 мың теңге бөлу көзделген, оның ішінде:
- 2023 жылы – 161 028 372 мың теңге;
- 2024 жылы – 246 243 232 мың теңге;
- 2025 жылы – 252 005 804 мың теңге;
- 2026 жылы – 227 494 848 мың теңге;
- 2027 жылы – 227 953 848 мың теңге.
Құжат 14 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript