Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан аумағы арқылы өтетін кейбір жүктердің транзитіне шектеу қойылады

Ашық НҚА, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кейбір жүктердің транзитіне шектеу енгізу туралы қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 16:50 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кейбір жүктердің транзитіне шектеу енгізу туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мына жүктерді үшін 3 жыл мерзімге республика аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға шектеу енгізу жоспарлануда:

  • қара және түсті металл сынықтары, оның ішінде мыс қалдықтары мен сынықтары, алюминий қалдықтары мен сынықтары, қорғасын қалдықтары мен сынықтары және т.б.;
  • қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихталы құймалар), пайдалануда болған құбырлар, рельстер, теміржол төсемі мен жылжымалы құрам элементтері;
  • темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдар, рельстер, контррельстер және тісті рельстер, аударма рельстері, соқыр қиылысатын кресттер, аударма штангалары және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, түйіспелі төсемдер мен астарлар, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельсті болттар, жастықтар мен созғыштар, кереуеттер,көлденең қималар және өзге де бөлшектер, рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған, шойын құюдан жасалған қуыс құбырлар, түтіктер мен профильдер, қуыс, жіксіз, қара металдардан (шойын құюдан басқа) жасалған түтіктер мен профильдер, мұнайға арналған құбырлар немесе газ құбырлары.

Жобаның мақсаты – Қазақстан аумағы арқылы темір жол көлігімен қара және түсті металл сынықтарының транзитін шектеу.

Құжат Ашық НҚА сайтында 20 ақпанға дейін жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: