Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан көмір экспортына тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартуды жоспарлап отыр

ҚР ИИДМ, көмір экспорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 13:03 Сурет: ҚР ИИДМ
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті "Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", деп жазылған құжатта.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, тыйым халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша дүрбелеңнің алдын алу үшін енгізіліп отыр.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге уақытша шектеу қоюдың орындылығы 2023 жылғы 22 ақпандағы сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қолдау тапты", деп жазылған құжатта.

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: