Қазақстанда тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

ҚР ИИДМ, тыңайтқыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 17:19 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ "Аммофос және аммоний нитраты әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан аммоний нитраты мен аммофосты автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Құжатқа берілген түсініктемеде тыйым 2023 жылғы 22 ақпандағы № 95 сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде енгізілгені жазылған.

Аммоний нитраты – ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылатын селитра.

Аммофос – құнарлы түйіршікті еритін тыңайтқыш, ауыл шаруашылығында және басқа салаларда қолданылады.

Құжат 17 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: