Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 11:55 Сурет: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге алты айға тыйым салу көзделген. Алайда бұл шектеу Қазақстанда өндірілген, теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаштан жасалған, арнайы сіңдірілген шпалдарға және ағаш түйіршіктеріне қолданылмайды.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 30 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынған және оның мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Соның ішінде 2026 жылғы 12 маусымнан бастап алты айлық тыйым енгізілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: