Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында 65 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр

Алтай Көлгінов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 12:56 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Абай облысында болып, өңірдің медициналық және әлеуметтік нысандарымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ бойынша сапар Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығына барудан басталды. Орталық радиофармацевтикалық препараттарды өндіруден бастап радионуклидті диагностика мен терапияға дейінгі толық циклды қамтиды. Бұл Қазақстандағы алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі. Радиофармацевтикалық препараттарды қолдану емделушілерге шетелге шықпай-ақ ішкі ем алуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте орталыққа заманауи мамандандырылған технологиялық жабдықтарды орналастыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін жаңа хирургиялық корпус қажет. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс жоспарына енгізілген.

Алтай Көлгінов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 12:56

Сурет: primeminister.kz

Сонымен бірге Премьер-министрдің орынбасары 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығымен танысты. Мекеме Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған. Орталықта оңалтуды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 12:56

Сурет: primeminister.kz

Облысты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Семей және Аягөз қалаларында тағы екі оңалту орталығы, екі емхана, көпсалалы балалар ауруханасы, сонымен бірге "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында 10 мыңнан астам оқушыға арналған 11 мектеп салынады.  

Сонымен қатар 2023-2024 жылдарға арналған Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысында 65 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов "Ауыл аманаты" жобасының ықтимал қатысушыларымен кездесті. Жоба ел Президенті бекіткен Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

"Ауыл аманаты" ауқымды бағдарламасы ауыл тұрғындары үшін игі бастама. Өңірдің аграрлық әлеуетін ескерсек, ауыл тұрғындарының сұранысқа ие өнімдерді өндіріп, өз ісін дамытуға зор мүмкіндігі бар.  Алтай Көлгінов

Вице-премьердің облысқа сапары күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қажет ететін сол жағалаудағы жедел жәрдем қосалқы стансасына барумен, сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі оқытушыларды даярлау барысымен танысумен аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: