Енді мемлекеттік қызметкерлер журналистерге 3-5 күнде жауап береді

Мемлекеттік қызметкерлер енді журналистерге 3-5 күнде жауап береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 14:47 Сурет: pixabay
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік қызметкерлердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады", - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ақпарат жағынан ашық болуды арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейтеді.

"Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілетін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету", - деді Дархан Қыдырәлі.

Айта кетері, Астанада мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: