Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік органдарға журналистер сауалына жылдам жауап беру міндеттеледі

Масс-медиа, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 18:47 Сурет: primeminister.kz
2 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренингте мемлекеттік қызметшілердің журналистер жолдаған сауалға жауап беру мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚДМ басшысының айтуынша, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер әзірленді.

"Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналис сауалына жауап беру мерзімі де қысқарады. Егер бұрын бұл ретте жеті күн көзделген болса, енді ол 3-5 күннен аспайтын болады". Дархан Қыдырәлі

Сонымен қатар, министр қазір талқыланып жатқан "Масс-медиа туралы" заң жобасының негізгі мақсаты - журналистердің мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

"Ақпараттық қауіпсіздік доктринасы да іске асырылатын болады. Доктринаның негізгі міндеті - отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету". Дархан Қыдырәлі

2023 жылы 20 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ақпарат саласына қатысты заң жобасы талқыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: