Қазақстанда инвестициялық омбудсмен институты күшейтіледі

Инвестициялық омбудсмен, ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 12:14 Сурет: Zakon.kz
ҚР ИИДМ Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережеге өзгерту әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, инвестициялық омбудсменнің орынбасары пайда болды. Ол – Инвестиция жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға.

Инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам.

Сондай-ақ құны 500 миллион теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік органдар сот талқылауына бастамашылық жасамас бұрын инвестициялық омбудсменнің орынбасарына инвесторға шағым (наразылық) және талап-арыз туралы хабарламалар жолдайтыны жөнінде толықтыру енгізілді.

Құжат 27 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: