Zakon.kz жылдың үздік жаңалықтар порталы атанды
Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz ақпараттық порталы "Жылдың үздік жаңалықтар порталы" номинациясы бойынша URKER-2022 ұлттық сыйлығын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Үздік жұмыстарды қазылар алқасы таңдады. Қазылар алқасының құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиа сарапшылар болды.
Байқау 13 номинация бойынша өткізілді. Zakon.kz ақпараттық порталы екі номинация – "жылдың үздік жаңалықтар порталы" және "жылдың үздік фотосы" номинациялары бойынша таныстырылды.
URKER ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктер үшін беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript