Жаңалықтар тізбегі
0

12 жасар бала кириллицаны латынға ауыстыратын бағдарлама ойлап шығарды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2018 18:36 Stan.kz
Бағдарламаның 2 нұсқасы бар.

Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті Абзал Мырзаш өзі ұсынған латын әліпбиіне аударатын бағдарлама ойлап тапты. Ол бағдарламаны өз бетімен 3 сағатта жасады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.

3 сағатта шығарылған бағдарламаға компьютер және электр энергиясы ғана пайдаланылды.

Бағдарлама кириллица қарпінде жазылған қазақша сөзді латыншаға аударуға мүмкіндік жасайды.

«Бұл бағдарлама сайтқа арналмаған. Ол C Sharp-та жасалған. Әзірге дизайны жоқ, бірақ қызметі бар. Оны болашақта ғаламторға енгіземін», – дейді Абзал.

Оны пайдалану үшін басқа тілдегі кодты көшіріп алу керек, яғни JavaScript сияқты. Дизайнын HTML және CSS арқылы істеуге болады.

Бұл бағдарламаның 2 нұсқасы бар. Біріншісі, дәл сол уақытта мәтін жазып аударып алу. Екіншісі, бірден үлкен көлемдегі мәтін жазып бөлек файлға сақтап алу. Мысалы «Көшпенділер», «Абай жолы» сияқты шығармаларды.

Абзалдың айтуынша, екіншісі біраз уақытты алуы мүмкін.

«Ертегіні аударып көрдім, ол 5 мегабайтты құрады. Оны аударуға 20 минут уақыт кетті. Бұл мәтінді өзің жазып отырғаннан жеңіл», – дейді Абзал.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: