Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланады

6-7 наурыз күндері Астанада желдің екіпіні күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада 6-7 наурызда жауын-шашынды (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с, ал түнде 7 наурызда жел екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде.
6-7 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей өңірінде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 6 наурызда, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 0-5 градусқа дейін жылынса, Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градуске дейін жылынады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.