Жаңалықтар тізбегі
0

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жұдырықтасуы қашан өтетіні белгілі болды

uralskweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 20:27 uralskweek.kz
Елеусіновтің 28 сәуірде өтетін кездесуде кіммен шығатыны әлі белгісіз.

Кәсіпқой боксқа қадам басқан қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов алғашқы жекпе-жегін 28 сәуір күні өткізетін болды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында боксшы келісімге келген Boxing Star LLC менеджерлік компаниясының өкілі Зия Алиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ол бокс кешінің ең басты кездесуінде Дэниеэл Джейкобс шығуы керек. Ал Даниярдың екінші кездесуін 2 маусым күні Лондонда өткізу жоспарланған», - деді Зия Алиев.

Елеусіновтің 28 сәуірде өтетін кездесуде кіммен шығатыны әлі белгісіз.

Еске сала кетсек, бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің бүгін промутері белгілі болды. Боксшымыздың промоутері британдық Эдди Хирн. Эдди Хирн супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: