Биыл Ораза қашан басталатыны белгілі болды
kazgazeta.kz
Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.
Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.
Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. "Арафа" мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript