Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

24.kz 24.kz
30 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.

Синоптиктер күннің суытуына байланысты Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.

30-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғатын 15-20, екпіні 23-28 м/с жел болып, тұман түседі.

30-31 наурыз күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 30 күндіз, 31 наурызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жетеді.

Тараз қаласында 30 күндіз, 31 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болуы ықтимал.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз