Ақтауға бет алған ұшақ Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды

inform.kz inform.kz
Борттағы бір жолаушының аяқасты науқастанып қалуы себеп болған

Алматыдан Ақтау қаласына бет алған SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшақ мәжбүрлі түрде Шымкентке қонды. Оған борттағы бір жолаушының аяқасты науқастанып қалуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтағы жағдайға байланысты Шымкенттің қосымша әуежайына қону туралы шешімді борт командирі қабылдаған.

Әуежайда науқас жолаушыға жедел жәрдем қызметі шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сол жерде жолаушы келіншек ұшақтан түсіріліп, әуе кемесі Ақтауға қарай ұшып кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз