Атырау облысында жатақханадағы өрттің қайдан шыққандығы белгілі болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 21:23 ҚазАқпарат
Электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Атырау облысында 6 адам қаза тауып, төртеуі зардап шеккен жатақханадағы өрттің шығу себебі аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бір қабатты жатақханадағы 480 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша - электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған. Жатақхана Қызылқоға ауданындағы Қарабатан «Газтурбиналық электр стансасының» (Karabatan Utility Solutions ЖШС, АФ PSI Story industriya ПиЭСай Строй Индустрия ЖШС-ның мердігер ұйымы) құрылыс аумағында орналасқан. Жатақхана 120 адамға есептелген», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 18 қызметкері мен 5 техникасы қатысқан. Сондай-ақ, Норт Каспиан ОперейтингКомпани компаниясының өрт сөндіру-апаттық қызметі, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және Полимер Продакшн ЖШС қызметі атсалысқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: