Қазақстандағы қатты аяздың себебі белгілі болды
Stan.kz
Қазақстандағы қатты аязға климаттың жаһандық өзгеруі себеп болды.
Ресейдің дүниежүзілік жабайы табиғат қоры “Климат пен энергетика” бағдарламасының директоры Алексей Кокорин Қазақстандағы суық ауа-райының себебін түсіндірді. Бұл туралы ресейлік сарапшы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
Оның айтуынша, Қазақстандағы қатты аязға климаттың жаһандық өзгеруі себеп болды.
“Жаһандық жылыну голливудтық фильмдердегідей жантүршігерлік құбылыс емес, бірақ оның әсерін қазір де сезініп жүрміз”, – дейді ол.
“Біздің үнемі қозғалыстағы атмосферамыз құбылып тұрады. Бұл құбылулар біртіндеп жиілеп, біресе суық ауа ағынын, біресе жылы ауа ағынын алып келеді, сондықтан бір жерде шөл, бір жерде су тасқыны болады. Сол себепті өте ауқымды климат өзгерісіне дайын болуымыз қажет”, -- дейді Кокорин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript