Қазақстандағы климаттың өзгеруі: "Қазгидромет" түсіндірме берді

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 13:48 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт 2025 жылдың 17 қарашасында Қазақстандағы климаттың өзгеруі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елдегі климаттық өзгерістер ең алдымен температураның жоғарылауынан және жел жылдамдығының төмендеуінен байқалады.

"Бізде аязды күндер азайды, сондай-ақ орташа жел жылдамдығы төмендеді. Бұл біздің Қазақстан үшін үйреншікті жағдай емес, өйткені әдетте желді ауа райы жиі байқалатын. Жалпы алғанда климаттың өзгеруі анық сезіліп отыр", – деді Шмидт.

Сонымен бірге ол "Қазгидрометте" климаттың өзгеруін зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейтінін еске салды.

Бұған дейін Шмидт желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: