Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда шығарылған фильмдер салықтан босатылуы мүмкін

Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерді қосымша құн салығынан босату ұсынылды.

Сурет : Baq.kz10 Мамыр 2018, 17:41

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Кинематография туралы» заңы аясында елімізде түсірілген фильмдерді қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта кинематографиядағы барлық процес «Мәдениет туралы» заңның бірнеше бабымен ғана реттеліп отыр. Әрине, бұл кино секілді ауқымды саланы толық реттеуге мүмкіндік бермейді. АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Қытай секілді жетекші елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, бірнеше мәселені заңнамалық деңгейде реттеуді ұсынып отырмыз», - деді ол.

Осы орайда Күміс Сейітова аталған заң жобасы аясында Қазақстанда түсірілген фильмдерге салықтық жеңілдіктер енгізілетінін атап өтті.

«Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерді қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Сондай-ақ, шетелдік картиналарға қарағанда ұлттық фильмдерге басымдық беру үшін, кинотеатрларды отандық фильмді көрсету барысында корпоративтік табыс салығынан босату да қарастырылды. Аталған заң жобасы қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр», - деді директор.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер