Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 17:00 ҚазАқпарат
23 мамырда Астана қаласында және бірқатар өңірде күшті жел соғуына байланысты ескерту жарияланды.

23 мамырда Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

23 мамырда Астана қаласында және бірқатар өңірде күшті жел соғуына байланысты ескерту жарияланды.

23 мамырда Ақмола облысында түнде солтүстіктен, сотүстік-батыстан күшті жел соғады, көптеген аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ал күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болады.

23 мамыр күні Жамбыл облысында күндіз құйынды дауыл соғады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, артынша солтүстік-шығыстан соғады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында 23 мамырда күндіз құйынды дауыл соғады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, артынша солтүстік-шығыстан соғады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында 23 мамыр күні күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде күшейе түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Кейбір аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде:23 мамыр күні жаңбыр жауады, найзағай ойнауы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 23 мамыр күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай ойнауы ықтимал. Петропавлда: 23 мамыр күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-болады.

Алматы облысында 23 мамыр күні найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, кейіннен солтүстік-батысқа ауысады, желдің жылдамдығы - 18-23 м/с. Талдықорғанда 23 мамырда найзағай жарқылдайды. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, кейіннен солтүстік-батыстан 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.

23 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысында жел алдымен оңтүстік-батыстан соқса, кейіннен солтүстік-шығысқа ауысады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында 22-24 мамыр күндері желдің солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуына, шаңды құйынды дауыл болуына байланысты ескерту жарияланған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: