Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда су астында қалған шағын ауданның үйлерін саңырауқұлақтар басып кетті

Шағын ауданда 200-ге жуық тұрғын үй су астында қалуда.

Сурет : Baq.kz5 Маусым 2018, 09:08

Павлодарда су басқан үйлердің аулаларына үйректер ұшып келіп, баспаналардың ішінде саңырауқұлақтар өсе бастаған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы соңғы үш жыл бойы Венецияға айналған шағын ауданның тұрғындары дабыл қағуда.

«Үйлердің іргесі сөгіліп жатыр. Баспанамыздың ішінде су бүргелері пайда болса, ауламызға үйректер ұшып келді. Сонымен қатар, сыз басқан бөлемерде саңырауқұлақтар өсе бастады», - дейді тұрғын Айнаш Сүтбаева.

Айта кетейік, жағдай ушығып кеткендіктен, мәселенің мән-жйын анықтау үшін бұл аумаққа 13 сынақ ұңғымасы орнатылған. Сала мамандары 10 күн бойы жерасты суларының табиғи қозғалысын жіті бақылап, зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Екінші Павлодар мөлтек ауданында жерасты суларының көтерілуіне жауын-шашынның нормадан артық түскені себеп болды. Оған қоса, сазды топырақтың құрылымы күрделі, деген қорытынды жасалды.

Көпжылғы зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, 1963 жылдан беру жерасты суларының деңгейі 15 сантиметрге көтерілген.

ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы Эдуард Лушиннің айтуынша, қазіргі таңда шағын ауданда 8 көшені су басқан.

«Соңғы төрт жыл ішінде жауын-шашын нормадан артық түсуде. Яғни, 350 мм. Сынақ жұмыстары нәтижесінде аумақтың гидрологиялық құрылымы аса күрделі екені белгілі болды. Сазды құмды қабат бес метрге дейін жетеді. Судың құрамын да зерттедік. Тұшы тіршілік нәрі нитраттармен ластанған. Су құрамындағы химикат шекті нормадан артық, бір литрге шаққанда 300-350 милиграмды құрайды. Мәселені шешу үшін қазылған ұңғымалардың көмегімен сынақ жүргізілді. Нәтижесі жаман емес, су деңгейі 20 сантимертге төмендеді. Бірақ, қосымша тағы 5 ұңғыманы іске қосу керек. Сонда бір ұңғыма бір тәулікте 100 текше метрге дейін суды сорады», - дейді Эдуард Лушин.

Нәтиже болғанмен, тұрғындарының көңілі пәс. Жертөлелердегі су сол қалпы. Бір қызығы, жергілікті билік өкілдері қиын жағдайдың орын алуына тұрғындардың өздері кінәлі екеніне меңзеді. Атқамінерлердің пайымдауынша, судың көтерілуіне тұрғындар пайдаланатын тіршілік нәрі әсер еткен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта шағын ауданда арнайы штаб құрылып, тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетлуде. Шаһар басшысы Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, мәселенің түйінін канализациялық жүйе тарқатады.

«Кәріз жүйесін жобалауға қала бюджетінен 10 млн. теңге бөлінді. Алдағы уақытта мердігер компанияны анықтау бойынша конкурс жарияланады. Оған екі айдай уақыт керек. Құрылыс жұмыстары күзде басталады», - дейді әкім.

Еске сала кетсек, шағын ауданда 200-ге жуық тұрғын үй су астында қалуда. Бүгінгі күні су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер