Жаңалықтар тізбегі
0

Менингит туралы жалған ақпарат таратушыларды полиция қызметкерлері тексеріп жатыр

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 21:32 turkystan.kz
Әлеуметтік желілерде және WhatsApp топтарында инфекция туралы дәйексіз ақпараттар таратылып жатыр.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин менингитке байланысты әлеуметтік желі қолданушылары таратқан ақпарат жайлы өз ойын айтты. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары халық арасында үрей тудырған бірнеше күдікті адамды тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Тиісті құқық қорғау органдары жұртты дүрліктіретін, жалған ақпарат тарату мәселесін қарастырып жатыр. Біздің деректерге сәйкес, қазіргі кезде 3-4 күдікті адам бар. Оларға қатысты іс жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Бекшин брифингте журналистердің сұрақтарына жауап ретінде.

Соңғы 24 сағатта WhatsApp қолданушылары Таразда болған оқиға туралы қауесетті тарап, мәтіннің жанында бастан-аяқ белгісіз бөртпе шығып кеткен науқастың суреті таратылып кеткен. Хабарламаның өзінде қате толып жүр. Төменде сол жазбаның тұпнұсқасы келтіріледі. Жазу ережесі мен тыныс белгілер, грамматика сақталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 21:32

«Құрметті әріптестер, ертеңнен бастап бетперде киеміз!» Минингихок ауруы Таразға жетті, 8 емханадан табылды! Әр 3 сағат сайын бетпердені ауыстырып тұру керек. Алматыда бәрі бетперде киіп алған. Біз үнемі адамдармен байланыста боламыз», - делінген хабарламада.

5 маусымда Whatsapp қолданушыларын белгісіз әйел дауысы менингитке қарсы бақылаусыз антибиотикалық дәрілерді қабылдауға шақырды. Кейінірек Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ақпараттың жалған екендігін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: