Мемлекет басшысы Касымов пен Қожамжаровқа Денис Тенның ісін бақылауды тапсырды

20 Шілде 2018, 14:23
Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ мен қалалық ІІД қылмыстық істі тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден тергеу-жедел тобын құрды. Топ жетекшілігін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов басқарады.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?