Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ-ға көктемгі су тасқынына дайындықты бастау тапсырылды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 17:44 primeminister.kz
Төтенше жағдайлар министрлігіне қысқы кезеңнің аяқталуын бақылауда ұстау қатаң тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТЖМ-нің өткен жылғы қызметі, алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ТЖ министрі Юрий Ильин баяндама жасады. Министрліктің орталық аппараты ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жедел-қызметтік іс-қимылдың перспективалары, міндеттері мен нәтижелері туралы ақпарат берді.

Алқаны қорытындылай келе, Роман Скляр 2020 жылы ТЖ алдын алу және жою, халық пен аумақтарды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының, Үкіметтің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық құжаттарының міндеттерін уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қысқы кезеңнің аяқталуын бақылауда ұстау және қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымға дайындықты бастау тапсырылды, өңірлердегі жұмысты талдау, ТЖ-ға ден қою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тетіктерін айқындау қажеттігі атап өтілді.

2020 жылы құтқарушылар өрт және апаттық-құтқару жұмыстары бойынша 70 мыңнан астам сапарға шығуды жүзеге асырды, 14 мың адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 19 мың адам эвакуацияланды және 4 мың зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: