Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі ірі қараның жаппай улану себебі анықталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 15:06 Baq.kz
Ақтөбе облысында шаруа қожалықтардың бірінде жүзден аса ірі-қараның көзі жойылған.

Ақтөбе облысында белгісіз аурудың салдарынан ірі-қараның жаппай қырылғаны, ол аурудың әлі де таралатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Кеше кейбір Фейсбук қолданушылары Ақтөбе облысында қайдағы бір белгісіз аурудың салдарынан көп сиырдың жаппай қырылғаны, ол аурудың әлі де таралатыны туралы ақпаратты тарата бастады. Бұның бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Видеоның астына мен шаруашылық иесінің аккаунтының сілтемесін қалдырамын. Ол (фермер - авт.) фуражирдің (мал азығына жауапты адам - С.Қалқамановтың түсіндіруі) қарауынсыз ірі-қараларға кәдімгі ақмия беріліп қойғандықтан, сиырды еріксіз союға тура келгенін айтады. Бұл - өте қауіпті арамшөп. Уикипедиядан ақтарсаңыз, бұл арамшөптің бұршақ тұқымдас екенін білуге болады. Ол бірден малдың улануына әкеп соғады», - дейді ол.

Министрдің кеңесшісінің айтуынша, осы себепті малды союға тура келген.

«Сойылғаннан кейін ет тоңазытқышта сақталып, одан облыстық ветеринарлық зертханасында сынама алынған. Жауапты қызметкерлердің бұған ешқандай да аурудың қатысы жоқтығы, малдың уланғаны туралы қорытындысы бар. Әлбетте, аталмыш фермердің - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің салы суға кетіп, жағдайы қиындай түскені анық. Баққан малын жоғалту оңай емес. Құдайға шүкір, малдың сақтандырылғаны белгілі болып отыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Қопа ауылындағы шаруа қожалықтардың бірінде жүзден аса ірі-қараның көзі жойылғаны туралы жазған болатынбыз. Кейін Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы Хромтаудағы жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын.

Ал ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты "Ақтөбе облысында мал ауруы табылған жоқ" деген уәж айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: