Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бас прокуратурада ГФР сарапшыларымен жұмыс кеңесі өтті

Талқылау барысында сарапшылар Германия мен Қазақстанның қылмыстық процесін салыстыра келіп, екі елдің де заңнамаларына енгізілуі мүмкін жекелеген институттарға назар аударды.

Сурет : www.zakon.kz28 Тамыз 2018, 12:48

Бас прокуратурада Жоғарғы Сот судьяларының, Бас прокуратураның, құқық қорғау органдары мен арнайы органдар жеке құрамының ГФР келген сарапшылармен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған Германия тарапынан Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф, Франкфурт қаласының Бас прокуроры Альберт Шрайбер, Гессен жер сотының бұрынғы Бас прокуроры Ханс-Йозеф Блумензатт және Франкфурт қаласы полициясының бұрынғы президенті Ахим Тиль, Висмар қаласындағы институттың ғылыми қызметкері Дмитрий Олейник қатысты.

Д.Олейник герман процесінің негізгі жағдайы туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастыру жөнінде, полицияның нақтылы деректерді жинауы, оларға прокуратураның құқықтық баға беріп, барлық процестік шешімдер қабылдайтыны туралы айтып берді.

Сондай ақ кеңес қатысушыларын тергеу амалдарын жүргізудің ерекшеліктері, оларды санкциялау, бұлтартпау шараларын таңдау, ведомство және сот бақылауы туралы мәселелер қызықтырды.

Талқылау барысында сарапшылар Германия мен Қазақстанның қылмыстық процесін салыстыра келіп, екі елдің де заңнамаларына енгізілуі мүмкін жекелеген институттарға назар аударды.

Сонымен қатар германдық әріптестер құқық қорғау қызметін цифрландыру саласындағы нәтижелермен, оның ішінде тергеу жүргізумен және соттардың қылмыстық істерді электрондық форматта қарауымен таныстырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер